- Advertisement -

Италияда қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандар саны артты 

166

- Advertisement -

Италияда жауын мен қатты дауыл салдарынан қаза тапқандардың саны 11-ге жетті.

Бұған дейін 6 кісі ажал құшқаны хабарланған болатын. Венеция орталығының 75 пайызы су астында қалды. Бұл туралы Солтүстік Италия облысы Венетоның азаматтық қорғаныс қызметі өкілі жариялады. Венециядағы су деңгейі бір жарым метрге дейін көтерілген. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрады. Дауыл салдарынан талдар құлап, алты адам ажал құшты. 160 мың тұрғын жарықсыз қалған.

Айта кету керек, Италияда жексенбі күні күн райы күрт бұзылған еді. Ұлттық азаматтық қорғаныс қызметі бірнеше облыста метео қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады.

 

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support