Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының кезекті отырысы өтті 

77

Брюссельде Берлин Еуразиялық Клубының 24-отырысы өтті. Осыдан 12 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл форум екіжақты ықпалдасу мәселелерін талқылайтын беделді алаңға айналған.

Бұл жолғы кездесудің тақырыбы «Жаңа Жібек жолы: Қазақстан — Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік, транзиттік және энергетикалық хаб». Оған еуропалық компаниялардың, Қазақстан мен Еуроодақтың экономикалық, қаржылық және ғылыми ұйымдарының елуден аса өкілі қатысқан.

Берлин Еуразиялық Клубының мәжілісін ашқан Германиядағы Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы басымдықтар туралы баяндап берді. Осындай мақсаттардың бірі Жаңа Жібек жолындағы көлік- логистикалық торап ретіндегі Қазақстанның рөлін арттыру болып отыр.

Болат Нүсіпов, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі: 

— Қазақстанның Германиямен және бүкіл Еуродақпен ынтымақтасуы жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылған. Кездесу қорытындысы бойынша, Еуразиядағы маңызды энергетикалық және көлік-транзит хабы ретінде елімізге үлкен қызығушылық бар екеніне көзіміз жетті. 

Кұрманғазы Ісқазиев, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

— Бүгінде Теңіз, Қашаған, Қарашағанақ ірі жобаларында еуропалық компаниялармен бірге жұмыс істеп келеміз. Қазақстанның инвестициялық тартымдығын жақсарту мақсатында үкіметтің атқарып жатқан еңбегін атап өттік.

Бельгия және Люксембургтегі елшіміз, Еуроодақ пен НАТО ұйымдарындағы өкілдігіміздің басшысы Айгүл Құспан Қазақстан Президентінің Брюссельге сапарының қорытындысымен таныстырып, Азия және Еуропаның мемлекет басшылары және еуропалық бизнес өкілдерімен жүргізген кездесулері туралы айтып берді. ASEM саммиты барысында Елбасы ұсынған бастамалар мәжіліске қатысушылардың үлкен қызуғышылығын туғызған. Еуропаның сыртқы әрекет қызметі Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Борис Ярошевич Нұрсұлтан Назарбаевтың «Азия-Еуропа» самитіне қатысуына және Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен өткізген кездесуіне жоғары баға берді. Қазақстан Еуроодақпен Кеңейтілген серіктестік жөнінде Келісім жасаған аймақтағы жалғыз ел екенін атап өткен ол, Еуроодақтың Азиямен өзара байланыс дамыту стратегиясын жүзеге асырудағы басты серіктесі екенін айтқан.

Михаэль Хармс, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры:

— Былтырдан бастап екіжақты тауар айналымыз едәуір өскен. Қазақстан тарабының маңызды бір жобасы -теміржол көлігін дамыту болып отыр. Қорғас Жаңа Жібек Жолының шығыстағы қақпасы сыңайлы. Егер логистика дамыса, өндіріс те алға басады.

Берлин Еуразиялық Клубының 24-отырысының қорытындысы бойынша, еуропалық кәсіпкерлер мен саясатшылар Қазақстанмен инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастығын одан әрі дамытуға дайындығын білдірген.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

 

24.kz 

Comments are closed.