Жаңа ғимарат 2018 жылы салынады
Жаңа ғимарат 2018 жылы салынады
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалы «Ақ жол» газетінде ағымдағы жылдың 15 шілдесінде «Көкейтесті мәселе» айдарымен жарық көрген «Ауылға пошта қызметі керек» деген мақалаға орай, төмендегіні хабарлайды. Меркі ауданы, Кеңес ауылында орналасқан пошта байланыс бөлімшесіне жоспар бойынша 2016 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы жаңа ғимарат салынады. Сонымен қатар, пошта байланыс бөлімшесінің бастығы Гүлниса Салықбаеваның, мақалада жазылғандай, сағат күндізгі он екілер шамасында жұмыс орындарында болмауына байланысты түсініктеме алынды. Түсініктемеге сай, ол денсаулығына байланысты 6 күн еңбекке жарамсыздық парағын алған. Қазіргі таңда Кеңес ауылында 0,4 штаттық кестемен, 20 498 теңге айлық мөлшерімен бір пошта тасушы қызмет атқарады және бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындары тарапынан пошта қызметтерін көрсету немесе мерзімдік басылымдарын жеткізуге қатысты шағымдар түскен емес. Жауғаш батыр ауылынан мерзімдік басылым алатын 3 мектеп қызметкері бар. Газет-журналдарын уақтылы, пошта байланыс бөлімшесінің басшысымен өзара келісілген түрде алуда. Қосымша айта кететін мәселелердің бірі, мұғалімдер тарапынан банкомат арқылы жалақы алушыларға, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалынан есепшот ашып, пошталық және қаржылық қызметтерге жүгінсе, алдағы уақытта филиал қызметкерлері халыққа барынша жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге дайын деп сендіреміз.
Арысбек Сүлейменов, «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы.