Әлеумет

«Арнайы жүлде» дипломына ие болды

«Арнайы жүлде» дипломына ие болды

Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астанамыздың 20 жылдығына арналып «Жан серігім – домбыра» атты республикалық дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауы өтті. Оған Талас ауданының Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты Аққұм ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Бақтияр Сейітқұл қатысып, «Арнайы жүлде» дипломына ие болды. Оны осы қуанышымен құттықтаймыз. Өнердің биік шыңынан көрінуіне тілектеспіз. Өнердің биік шыңынан көрін, алар асуларың көп болсын дегіміз келеді. Пірман Кендия, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының директоры.

Талас ауданы.