- Advertisement -

Болашақ бала

94

- Advertisement -

Бақытжан Советұлы,
ақын.

– Папа-ау!
– Ау, балам.
– Анау не?
– Ол мектеп қой.
– Мектеп?
– Иә, мектеп.
– Кішкене өсші, ептеп,
Келер жылы барасың,
Он жыл оқып, білім аласың.
Сонан соң институтқа түсірем!
– Онда не істеймін?
– Бес жыл оқисың,
– Зердеңе білім тоқисың.
– Папа –ау.
– Ау.
– Бірдеңе айтсам,
– Ұрыспайсың ба?
– Жо-жоқ, құлыным,
Саған ұрысқанша,
Неге жұлынбайды менің
жұлыным.
– Менің оқығым келмейді.
– А, не дейді?!
– «Оқығым келмейді» деймін.
Одан да рэкет болам.
«Мерседес» мініп,
Әй-әй әйел алам.
Не, ғалым болғың келмей ме?
– Ғалым?!
– Ол кім?
– Ол – мына мен,
Сенің әкең!
– Жо –жоқ!
Мен сіз сияқты болмаймын.
Керегі жоқ,
Оқуыңа бармаймын.
– Неге?
– Себебі, сен жаяу жүресің.
– Тек үй мен жұмысты ғана білесің.
Ал, рэкеттер өйтпейді,
Әдемі машина мініп жүйткиді.
– Қой, қой, балам,
«Жақсы сөз – жарым ырыс»,
Рэкет дегенің – атыс-ұрыс.
Ал сен болсаң, азамат болуға тырыс.
Жарай ма?

***
Осы жерде әкесіне өкпелеп,
Бұртиып қалды бала.
Заман солай болса,
не шара?!

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support