Жаңалықтар

Болашақ бала

Болашақ бала

Бақытжан Советұлы, ақын. – Папа-ау! – Ау, балам. – Анау не? – Ол мектеп қой. – Мектеп? – Иә, мектеп. – Кішкене өсші, ептеп, Келер жылы барасың, Он жыл оқып, білім аласың. Сонан соң институтқа түсірем! – Онда не істеймін? – Бес жыл оқисың, – Зердеңе білім тоқисың. – Папа –ау. – Ау. – Бірдеңе айтсам, – Ұрыспайсың ба? – Жо-жоқ, құлыным, Саған ұрысқанша, Неге жұлынбайды менің жұлыным. – Менің оқығым келмейді. – А, не дейді?! – «Оқығым келмейді» деймін. Одан да рэкет болам. «Мерседес» мініп, Әй-әй әйел алам. Не, ғалым болғың келмей ме? – Ғалым?! – Ол кім? – Ол – мына мен, Сенің әкең! – Жо –жоқ! Мен сіз сияқты болмаймын. Керегі жоқ, Оқуыңа бармаймын. – Неге? – Себебі, сен жаяу жүресің. – Тек үй мен жұмысты ғана білесің. Ал, рэкеттер өйтпейді, Әдемі машина мініп жүйткиді. – Қой, қой, балам, «Жақсы сөз – жарым ырыс», Рэкет дегенің – атыс-ұрыс. Ал сен болсаң, азамат болуға тырыс. Жарай ма? *** Осы жерде әкесіне өкпелеп, Бұртиып қалды бала. Заман солай болса, не шара?! Тараз қаласы.