- Advertisement -

Сенатордың айтқанына сенеміз

87

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ

Той қазақтың «бас ауруына» айналды. Оны қойшы, тойдың мәдениетін сақтауды да ұмытып кете береміз. Әйтпесе, бұл мәселеге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев араласар ма еді? «Twitter» парақшасында «БАҚ-та жазылған той жөніндегі пікірлерді қолдаймын. Той мен салтанатты шаралардың форматын өзгерту керек. Кереметтей өткізіп, ысырапшылық етуді тоқтату керек. Өзбектерден, түріктерден, түркімендерден үлгі алу керек. Тойды ұлттық дәстүрге сай жасағанымыз жақсы», – деп жазды Сенат Төрағасы. Оның бұл пікірі тойдың төңірегінен уыстап табыс тауып жүрген асаба, әншілерге оқтай қадалса керек. Бұл мәселеге, әсіресе бір әнші қатты өкпелеп, ашуланып шыға келді. «Той, асаба, фонограмма деп шулаймыз. Енді келіп сонымен алысамыз ба?», – деп дауласады әлгі әнші.
Жалпы, тойдың толып жатқан ысырап екені рас. Мақтангершілік. Аста-төк дастарханнан бөлек, шетелден, Астана мен Алматыдан бір күндік тойға мыңдаған доллар төлеп әнші шақыртатынымыз шын. Ысырап па, ысырап. Содан кейінгі ұятты айтайық. Әжелер, апалар және жеңгелер тойда өзі жемей, дәу жілікті, жамбасты, котлетті, қуырылған балықты т.б алдына үйіп отырады. Тойдың соңына қарай пакет-пакет болып қайтып бара жатады. Тойға сол үшін баратын сияқты. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген. Қазір апалар, жеңгелер ғана емес, аталар мен ағалар да тойдан пакет көтеріп қайтатын болды. Тойды айтасыз, құдайы тамақтан пакет-пакет болып шығып келе жатқан еркектерді де көретін болдық. Тоқаевтың ысырапшылықты тоқтатайық дегенін осындайда қос қолдап тұрып қолдаймын.
Ау, ағайын, той «тонағанды» қояйық та. Сіз апарған бір жапырақ еттен, екі конфеттен немереңіз тойып қалмайды ғой!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support