- Advertisement -

Жаңағың кім, Жамал?

97

- Advertisement -

Үмбетбай Уайдин

– Сықпыты бұзық телевизордың экранынан сопайып көрінген адамның сықпытына ұқсаған жаңағы біреуің кім, Жамал?
– Қайда көргенімді ұмытып есіме түсіре алмай келе жатқаным. Біреуге ұқсаттым.
– Бір иығын саған беріп тұрып ұзақ сөйледі ғой. Не дейді сонда?
– «Қарындасым, сізді бір жерден көрген сияқтымын», – дейді. «Соңғы жылдары сіздің тұрмысыңызда қандай-қандай жаңалық өзгерістер болды?», – дейді.
– Сен?..
– «Біздің тұрмыстан сізге қандай-қандай өзгеріс-жаңалықтар керек еді?», – дедім.
– Ол?
– «Көптен көрінбей кеткенге қорқып жүр едім, жер бетінде бар екенсіз ғой», – дейді.
– «Вот», қалжыңбас!
– Сен де байқап қалдың ба, тілі сондай тәтті өзінің.
– «Екі кісі бір-біріне бейім тұрса, есті кісі кейін тұрады», – деген бар ғой. Емін-еркін сөйлессін деп, сендерден менің былайырақ барып тұрған себебім сол. Сонда да құлағым шалды, шек-сілең қатып сен қатты күлдің…
– Күлгенде…ана…не ғой… «Көптен көрінбей кеткенге қорқып жүр едім» деген соң: «кейде өскен адам көрінбей кетеді, көбіне өшкен адам көрінбей кетеді. Өскен де жоқпын, өшкен де жоқпын. Жер басып, домалап жүріп жатырмын» деп едім ғой.
– Ол сопақ басты сонымен қайдан көргеніңді есің түсіре алмадың ба?
– Қайда көргенімді білмеймін, әйтеуір бір жерде көрген адамым.
– Көзінен көзіңді айырмай күлімсіреп, оған ұзақ қарадың, шашын сипадың…
– А-ға, көзі «прямо» от шашады. Шашы да бұп-бұйра…
– Қатты күлдің ғой, жәй ма?
– Сен оны білмейсің, «он такой шутник»… Сондай «жизнерадостный» жігіт.
– «Жизнерадостный» болғанда, не айтады сонда?
– «Ну»…жаңа айтады «100 грамм арақ дегеніміз – 200 грамм өтірік, 300 грамм мақтану, 400 грамм төбелес», – дейді.
– Мұнысы бір жаңалық екен…
– Сондай көңілді жігіт, тегі.
– Танитын болдың ғой?
– Танығанда… қайда-а, бұдан он бес жыл бұрын Қызылордадан Алматыға шейін екі орындық купеде бірге келгенбіз. Келгенше концерт қойып берді.
– Дұрыс, саған керегі концерт екен ғой. Концерттің үлкені қазір… үйге барған соң!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support