- Advertisement -

Газбен улану аз емес

99

- Advertisement -

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық ТЖД өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев мәлімдеді. «2018 жылдың 9 айында облыста улы газбен уланудың 15 оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 20 адам жарақат алды және 9 адам қаза тапты. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде мұндай қайғылы оқиғалар саны 12-ні құраған болатын», – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, департамент өкілдері тарапынан улы газбен улану оқиғалары тіркелген барлық мекен-жай бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Соған қарамастан, улы газбен улану оқиғалары 25 пайызға, жарақат алғандардың саны 2 есеге, қаза болған адамдар саны 3 есеге артып отыр. Жалпы, 2017-2018 жылу маусымы кезінде бітелген түтіндіктер мен пеш ақауларына байланысты облыста 23 улы газбен улану дерегі тіркеліп, соның салдарынан 42 адам жарақат алса, 9-ы көз жұмған. 2016-2017 жылу беру кезеңімен салыстырғанда улы газбен улану оқиғаларының саны 1, зардап шеккендердің саны 13, қаза болғандардың саны 25 пайызға төмендегені байқалуда.
Бұдан басқа, басқарма қызметкерлерінің күшімен ағымдағы жылдың тамыз айында өңірдегі тұрғындарды жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін 87 нысанның барлығының өрт қауіпсіздігі жағдайы тексерілген. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша ағымдағы жылы екі учаскеде ғана, атап айтқанда, «ЖЭС» ЖШС мен «Солтүстік ЖЖС» мекемесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі байқалмапты. Қалған 85 учаскеде 438 ереже талаптарының бұзылуы анықталған. Орын алған кемшіліктерді жою үшін олардың басшыларына тексерулер нәтижелері бойынша актілер беріліп, 16 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 579 812 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке шақырылыпты.
Басқосу соңында журналистер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жан-жақты жауаптар қайтарылды.

 

Баймаханбет АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support