Жамбылдық әртістер «ҚҰНАНБАЙ» фильміне түсуде
Жамбылдық әртістер «ҚҰНАНБАЙ» фильміне түсуде
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бүгінде Абай елінде, Семей өңіріндегі Қарауыл ауылы маңында жазушы Таласбек Әсемқұловтың сценарийі бойынша «Құнанбай» көркем фильмін түсіру жұмыстарын бастады. Бұл кинотуындының режиссері, бұған дейін «Біржан сал» дебюттік еңбегі арқылы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген белгілі актер Досхан Жолжақсынов фильмдегі бас кейіпкер рөлін де сомдайды. Бір айта кетерлігі, аталған дәуірнамалық кинотуындының түсіріліміне Астана, Алматы және Семей қалаларынан іріктеліп алынған актерлер қатарында біздің облысымыздың қос бірдей өнерпазы да бар. Атап айтқанда, бұл фильмде облыстық драма театрдың әртістері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрсипат Салықоваға Құнанбай қажының анасы, Абайдың әжесі Зеренің, ал Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асқарбек Сейілханға Керейдің биі Сарыбайдың рөлдерін сомдау жүктелген. Аталмыш фильм осы жылдың қыркүйек айына дейін толықтай түсіріліп бітеді, ал келесі жылы экранға жол тартады деп күтілуде.
«Ақ жол-Ақпарат».