- Advertisement -

Президент Жарлыққа ашық аспан астында қол қойған болатын

114

- Advertisement -

1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Жамбыл облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Президент облыс орталығындағы жыр алыбы Жамбыл ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Президенттің бұл сапары тарихи сапар болды. Қарахан кесенесінде болған кезінде Президент Н.Назарбаев облыс тұрғындарының тілегін ескеріп, Жамбыл облысының орталығы Жамбыл қаласының атын Тараз қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа ашық аспан астында қол қойды. Көне шаһарға тарихи аты – Тараз атауы қайтарылды.
– Жаңа жылдың басында бірінші рет ел аралап шығып отырып, осындай үлкен бір қасиетті шаруаны бастап отырмын. Сол арқылы Қарахан бабаны жұртқа паш етеміз. Тәуелсіздігімізді осы бабаларымыздың әруағы желеп-жебеп жүрсін! – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сөйтіп, келешектегі 2100 жылдың ұрпақтарына арнап жазылған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Аманат хатын» темір құтыға салып, қасиетті кесене іргесіндегі мәрмәр тастың астына орнатты. Елбасы Жамбыл қаласының атын өзгерту туралы Жарлығын оқыды.
Облыс әкімшілігі мен облыс жұртшылығы Елбасына алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын беріп, №1 куәлігін табыс етті.
1998 жылдың 26 тамызында облыс орталығына жұмыс сапарымен келген Президент Н.Назарбаев 1499-1551 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі тарихшы, әдебиетші «Тарих-и Рашиди» кітабы мен «Жаһаннаме» дастанының авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support