Бурабай курорты танымал демалыс аймақтарының үштігіне енді
Бурабай курорты танымал демалыс аймақтарының үштігіне енді
Бурабай курорты бұрынғы Кеңес одағы елдерінің ішіндегі ресейлік туристер жазғы демалысын өткізетін аймақтардың танымал үштігіне енді. Рейтинг осы жаздағы демалыс орындарына баруды брондау мәліметтерінің негізінде құрастырылған. Оған бір апта бойы тұратын бөлменің, тамақтану мен экскурсиялардың құнын қосқанда 25 мың рубльден аспайтын, әрі сол елдердің астаналарынан үш сағаттан артық уақытты алмайтын қашықтықта орналасқан шипажайлар жатқызылған. Аталмыш көрсеткіштер бойынша алғашқы үштікке Қырғызстандағы Ыстықкөл, Қазақстандағы Бурабай аймағы және Беларусьтегі Нарочь көлі енген. Ел астанасынан көліктің небәрі екі сағаттай уақыты жұмсалатын қашықтықта орналасқан Бурабай өңірі көлдерге, таулар мен қарағайлы ормандарға аса бай. Мұндағы санаторийлік-курорттық инфрақұрылымдар әсіресе жаз айларында бір босамайды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz