- Advertisement -

Таразда заманауи білім турасында халықаралық конференция өтуде

271

- Advertisement -

тәжірибие» атты конференция өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шарада білім саласының басым бағыттары сараланып, шетелдік және отандық мамандардың тәжірибие алмасуы көздеген.

Екі күнге жоспарланған шараға АҚШ, Ресей, Беларусь, Латвия, Англия, Чехия, Германия және өзге де мемлекеттің профессорлары мен оқытушылары қатысуда.

Конференцияны ТарМПУ-дың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Сәуле Әлімбаева өзінің құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жаңа дәуірдің оқу бағытын саралаған жыйында білім бағдарламасын қайта құрып, тың әдістердің енуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заман талабына сай педагог мамандарды оқытып, тәрбиелеп шығарудың маңыдылығы талқыланды.

Германиядан келген PhD доктор Готфрик Томас «Еуропадағы CLIL-сабақтарының тарихы, мінездемесі және проблемалары — теория және тәжірибе туралы кейбір негізгі идеялар» тақырыбында баяндама жасады. Ол «CLIL — тек «жаңа бөтелкедегі ескі шарап» деген пікірін білдірді.

Оның айтуынша, елімізде қазір құрастылып жатқан тың оқу бағдарламасы батыс мемлекеттерінде қабылданып, іске асырылып жатқан білім жүйесінің өңдеуден өткен жаңа нұсқасы. Бұдан бөлек спикерлер қатарында Вильдау қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Питер Ендерс, АҚШ-тағы Евергрин мемлекеттік колледжінің PhD докторы Нэнси Коппелман және өзге де ғалымдар баяндама оқыды.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support