Жаңалықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады 

Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады 

Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1 долларға көтеріліп, 77,73 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,26 долларға өсіп, 67,59 долларды құрады.

24.kz