- Advertisement -

Қ.Тоқаев ДДСҰ бас директоры Т.Гебрейесусты қабылдады 

74

- Advertisement -

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесусты қабылдады.

Тараптар Астанада өткен медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету жөніндегі  конференцияны түйіндеді. Ұйым басшысы Қазақстанда ұйымдастырылған жаһандық жиынның маңыздылығына тоқталып, бұл салада біздің елде толымды істердің атқарылып жатқанын айтты. Әсіресе Астана декларациясының қабылдануы отандық медицинаның құлаштап дамуына серпін береді деді. Оның айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау саласында ұстанған сарабдал саясаты көптеген елге үлгі болуы тиіс. Сондықтан олар  Астана декларациясын әлем тілдеріне аудару керек деп есептейді. Өз кезегінде Сенат төрағасы сыйлы мейманға алғыс білдіріп, арадағы байланыстың әлі де беки түсуіне атсалысатынын айтты.

 

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support