Қазақстанда қауіпті аурулардың көрсеткіші қалыпты
Қазақстанда қауіпті аурулардың көрсеткіші қалыпты
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифинг барысында Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары – еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді. - Елімізде биыл аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Оның ішінде оба, күйдіргі, тырысқақ тәрізді аса қауіпті ауруға шалдыққан адам жоқ. Біз үшін ең маңыздысы «С» гепатиті, ол 2,5 есеге азайды. Жалпы алғанда алғашқы жартыжылдықта менингококктік инфекция 37%, бактериялық дизентерия - 33%, «В» гепатиті - 20% және туберкулез - 12,6% азайды, - деді Жандарбек Мұхтарұлы. Оның айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын-алу жұмыстары мен заманауи диагностика жүргізуге Үкімет үлкен қаржылық көмек көрсетіп отырған көрінеді. Ақпарат көзі: www.baq.kz