Николя Саркози аппеляциялық сотта жеңіліп қалды 

89

Париждің аппеляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің үстінен қозғалған «Бигмалион» ісі бойынша сот процесі орынды деп таныды. 2014 жылдың ақпан айында Le Point апталық басылымы 2012 жылғы президенттік сайлау барысында «Бигмалион» медиакомпаниясының Саркозиге көрсеткен қызметінің бағасын негізсіз өсіргені жайлы әшкерелеген еді. Аталған компанияны 2006 жылы Саркозидің жақтасы Жан-Франсуа Копе құрған болатын. 2014 жылдың мамыр айында «Бигмалионның» қорғаушысы 10 миллион еуроға жалған құжаттар жасалғанын мойындады. Le Mond газетінің мәліметінше, бұл қаражат Саркозидің сайлауалды науқанын қаржыландыру мақсатында жұмсалған. Президенттік сайлауалды кампаниясының нормаларын бұзғаны үшін Франция заңы бойынша 3750 еуро көлеміндегі айыппұл мен 1 жылға тұтқынға алу қарастырылған.

24.kz

Comments are closed.