Жаңалықтар

2 млн адамға ауызсу тарататын «Ертіс-Қарағанды» арнасына қауіп төнуі мүмкін

2 млн адамға ауызсу тарататын «Ертіс-Қарағанды» арнасына қауіп төнуі мүмкін

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар, Қарағанды облыстары мен Астана қаласын ауызсумен қамтамасыз ететін Қ. Сәтбаев атындағы арнасының өңірдегі филиалының екі мыңға жуық қызметкері дабыл қақты. Стратегиялық нысанның мамандары тіршілік нәрінің сапасы бұзылып кете ме деп алаңдап отыр. Себебі, каналдың тоғыз бірдей су қоймасы жекенің иелігіне бекітілуі мүмкін. Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі. Тарихқа көз жүгіртсек, «Ертіс-Қарағанды» каналының құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске қосылды. Стратегиялық нысанның жалпы ұзындығы 458 шақырым, ал ені 50 метрге дейін жетеді. Арнаның құрамында 22 насос станциясы, 14 су қоймасы мен 34 учаскелік арна бар, сонымен қатар, 39 өзге инженерлік құрал бар.  />

Фото: автор

Кәсіпорын ардагері Леонид Баталов – арнаның құрылысына атсалысқан азаматтардың бірі. 82 жасар маман каналдың иелігіндегі тоғыз су қоймасы жеке тұлғаларға жалға берілсе, су шаруашылығы нысанының жұмысы құрдымға кетеді деп алаңдаулы.
<blockquote>«Ертіс-Қарағанды» арнасы – стратегиялық маңызы бар нысан. Айналасында санитарлық белдеу бар. Яғни, бөтен азаматтарға келуге рұқсат жоқ. Бұған дейін су тоғандары жалға берілген кезде, жеке табиғат пайдаланушылардың салғырттығынан каналдан береке кетті. Әуесқой балықшылар арнаға келіп, ойларына келгенін жасады. Қолдағы ережеге сәйкес арнаның бойында осындай әрекеттерге жол берілмейді», - дейді Леонид Баталов.</blockquote>
<img src=

 

 

baq.kz