Тараздық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалында қызмет етеді
Тараздық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалында қызмет етеді
Отандық футбол тарихында алғаш рет қазақстандық төреші Еуропа чемпионатының финалдық ойынына төрелік жасайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Тарқата айтсақ, Тараздың лайнсмені Евгений Бельский Германия мен Португалия жастар құрамасы арасындағы ойынға қызмет ететін төрешілер бригадасының құрамына енгізілді. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалы 2014 жылғы 31 шілдеде Будапешт қаласында Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те өтеді. Ойынды Eurosport арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Матчтың бас судьясы - Хавьер Эстрада Фернандес (Испания). Қапталдағы төрешілер: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан). Резервтік судья болып Инеа Джорджи (Албания) тағайындалды. Матч инспекторы словяндық Йосеф Марко. УЕФА турнирінің финалдық ойынына отандық төрешіні тағайындау қазақстандық судьялық жүйесі беделінің артқандығын, Еуропалық футбол қауымдастығы тарапынан үлкен сенім білдірілгенін көрсетеді», - деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен. Евгений Бельский 1981 жылы туылған, Қазақстанның жетекші лайнсмендерінің бірі. ХФФ ассистенті болып соңғы он жыл ішінде жұмыс істеп келеді. Венгриядағы турнирде қазақстандық төреші бір жартылай финалды қосқанда төрт матчқа қызмет етеді.