- Advertisement -

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА ЛЕП, ТЫҢ СЕРПІЛІС БЕРЕДІ

99

- Advertisement -

Елбасының Жолдауы – мемлекетіміздің әрі қарай ілгері дамуының негізгі бағыттары белгіленген айқын бағдарламалық құжат. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы халықтың әл-ауқаты, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасын арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысы өзінің әр Жолдауында сот жүйесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жолы да Жолдаудың үшінші басымдығында сот жүйесін одан әрі жаңғырту арқылы азаматтарға өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру қажет екендігі айтылды. Соттардың жұмыс істеуінің заманауи форматын және озық электронды сервистерді енгізу артық сот рәсімдерін қысқарту арқылы сот жүйесін жаңғырту одан әрі өз жалғасын табатын болады. Біздің басты мақсатымыз – халықтың соттарға деген сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Осылайша Елбасы еліміздегі сот алдына үш нақты міндеттер жүктеп отыр. Біріншіден, Сот жүйесінде сот жұмысының заманауи форматтарын және қазіргі заманғы озық электрондық сервистерін енгізуді жалғастыру қажет. Қазіргі таңда «сот кабинеті» сервисі арқылы ешқайда шықпай-ақ үйде отырып, ғаламтор арқылы талап, арыз-шағым, өтініш беру, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеуге болады. Сотқа электронды түрде құжаттарын береді және жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалай алады. Бұрынғыдай құшақ-құшақ құжаттарыңызды алып, сотқа барып табаныңызды тоздырмайсыз. Бұл жүйе халыққа өте тиімді. Осындай жобаларымызды одан әрі дамытқанда ғана біз қарапайым халыққа жайлы орта қалыптастыра аламыз деп есептеймін. Сонымен қатар сотқа бұрын адамдардың жеке өздерінің келуі қамтамасыз етілсе, қазір оны алыстан жүзеге асыруға болады. Бұл да сот жүйесінің тұрғындарға тиімді жағы деп есептеймін.
Екіншіден, судья болу үшін еліміздегі ең үздік заңгерлер ғана ұмтылатындай жағдай жасау қажет. Елімізде судьялар дайындайтын «Сот төрелігі» академиясы бар. Академия «Мінсіз судья» жобасы аясында ең үздік еуропалық тәжірибелерді қолдана отырып, болашақ судьяларды дайындау керек деп ойлаймын.
Үшіншіден, бизнес пен мемлекет арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесін қалыптастыру керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет. Қазіргі таңда дау көбейді. Бұған қаншама күш пен қаражат жұмсалады. Оған бірден-бір себеп – меншік түрлерінің молаюы, нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Азаматтар ұсақ-түйек даулармен сотқа жүгінетін болды. Осы жағдайда медиацияның пайдасы зор. Адамды ортақ шешімге келтіру медиатордың шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Медиация азаматтар арасындағы қарым-қатынаста талас-тартыс деңгейін төмендетеді, тараптардың қарым-қатынас мәдениетінің, этикасының жоғарылатады, ерікті түрде орындалатын шешімдерді көбейтеді.
Жыл сайын 4 миллион азамат сотта қаралатын іске қатысады. Бұған қаншама күш пен қаражат жұмсалады. Уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқаруға тиіс. Жолдау – жаңа міндет, жаңа жетістіктерге жол бастаушы. Ендігі мақсатымыз – сол тапсырмаларды өз деңгейінде жауапкершілікпен орындау. Елбасының әр салаға қатысты берілген тапсырмасын уақтылы жүзеге асыру – әрбір қазақстандыққа жүктелген міндет.

Бабырхан АБУЕВ,
аудандық соттың төрағасы.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support