Қазақстан «Тур де Франстың» алғашқы кезеңдерін өткізуге ниет танытып отыр
Қазақстан «Тур де Франстың» алғашқы кезеңдерін өткізуге ниет танытып отыр
Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов Қазақстанның 2020 жылға дейін «Тур де Франс» көпкүндігінің алғашқы кезеңдерін өткізу мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізе бастауға ниетті екенін мәлім етті. «Тур де Франс» көпшіліктің көңілін аударған ауқымды оқиға болды. Біз мұндай айтулы жарыстың Қазақстанда да өткенін қалаймыз. Йоркшир бұған үш жыл бойы дайындалды, біз де мұндай жарысты өткізе аламыз деп ойлаймын», - деді Қ.Келімбетов. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы аталмыш веложарыстың алғашқы кезеңдері Англияның Йоркшир аймағында өткен болатын.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz