Спорт және туризм

«Астана» велокомандасының «Тур де Франс» көпкүндігінде тапқан табыс көлемі белгілі болды

«Астана» велокомандасының «Тур де Франс» көпкүндігінде тапқан табыс көлемі белгілі болды

«Тур де Франс» көпкүндік  веложарысында «Астана» командасының тапқан табыс көлемі белгілі болды. Винченцо Нибалидің жеңіске жетуі  «Астана» командасының қазынасына  539 330 еуро түсірді.  Бұл көпкүндік веложарыстағы ең жоғары көрсеткіш. «Тур де Франс» жарысының жалпы сый қоры шамамен 2 миллион еуроны құрады. Назарларыңызға «Тур де Франс» сынындағы командалардың табысын ұсынамыз: 1. «Астана» - 539 330 еуро; 2. «Ag2r La Mondiale» - 362 880; 3. «FDJ. fr» - 151 720; 4. «Movistar» - 117 050; 5. «Cannondale» - 99 390; 6. BMC" - 99 180; 7. Tinkoff-Saxo« - 80 250; 8. «Omega Pharma-Quick Step» - 77 930; 9. «Катюша» - 75 700; 10. «Belkin» - 67 200; 11. «Europcar» - 63 410; 12. «Giant-Shimano» - 63 210; 13. «Lotto-Belisol» - 35 060; 14. «Trek» - 32 020; 15. «NetApp Endura» - 31 480; 16. «IAM» - 26 610; 17. «Garmin-Sharp» - 25 360; 18. «Sky» - 24 240; 19. «Bretagne Seche Environnement» - 20 600; 20. «Cofidis» - 18 540; 21. «Orica GreenEDGE» - 15 610; 22. «Lampre-Merida» - 9 830.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz