Әлеумет

Таразым қандай тамаша!

Таразым қандай тамаша!

[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="89303,89304,89305,89306,89307,89308"] Әріптесіміз, облыстық «Aq jol» газетінің фототілшісі Ақәділ Рысмахан ердің жасы елуге толып отыр. Самай шашын ақ қырау шалса да, мінген атына мығым жайғасқан азамат мамандығына адал, объективі алымды. Кәсібіне қарай осы уақытқа дейін талай қаланы да, даланы да, тауды да, тасты да шарлап үлгерген Ақәділдің фотоқоржынында көңіл марқайтар көшелі оқиғаларға куә болатын, салмағы салқар шежірелерден сыр тартатын, есімдері тарих парақтарында қатталған тұлғаларды еске түсіретін сүгіреттер жетерлік. Фототілшіміздің туған күнімен тұспа-тұс келген Тараз қаласының төл мерекесі қарсаңында Ақәділдің шаһар көркін паш ететін туындыларын оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Ал талантты фототілшіміз туралы мерейтойлық мақаланы газетіміздің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар. Ендеше, әріптесімізді өміріндегі бір белеске шығуымен құттықтап, шаңырағына шаттық, ісіне береке мен табыс, зор денсаулық тілейміз!

«Aq jol» газетінің ұжымы.