Петропавлдық «Хатико» өз иесін 3 айдан бері күтіп жүр 

93

Петропавлда «Хатико» пайда болды. Дәлірек айтсақ, қала шетінде бір ит иесін 3 айдан бері күтіп жүр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.  Тұрғындардың айтуынша, бұл ит өткен-кеткен әр көлікті көз қырымен қарсы алып, шығарып салады. Бір қызығы, оны осы маңнан ғана байқауға болады. Саққұлақты біреу тастап кеткенге ұқсайды. Ал төбеттің түр-cипаты асылтұқымды. Көше кезіп жүрген жануарға ұқсамайды. Адамдар оны «Хатико» деп кеткен екен.  «Біз саяжайдан қайтар жолда оған тамақ ала шығамыз. Өзі ақылды. Ешкімді жақындатпайды. Меніңше, оны біреу тастап кеткен. Соны күтіп жүр», — дейді қала тұрғыны Алексей Бориско Ерікті Екатерина Королеваның айтуынша, итін тастап кететін адамдарды түсінбейді. Ол Петропавлдағы көше кезіп жүрген жануарларды жинап, «төрт аяқты дос» іздегендерге таратып береді екен. Ерікті «Хатико» туралы да біледі. Бірақ ол ұстатпапты. Айтуынша, Асаново ауылында сондай тағы бір ит бар. Онда иесін күтіп отырғанына бір жыл болыпты.

tengrinews.kz

Comments are closed.