«Эйр Астана» флоты жаңа Boeing-767 ұшағымен толықты
«Эйр Астана» флоты жаңа Boeing-767 ұшағымен толықты
Бүгін Алматыда «Эйр Астана» флоты жаңа Boeing-767 әуе кемесімен толықты, деп хабарлады әуетасымалдаушының баспасөз қызметінен. Әуекомпания флоты Орталық Азиядағы және бүкіл әлемдегі ең жас компаниялардың бірі болып табылады. Әуепаркке 5,4 жыл ғана болды. Олар алғашқы екі Boeing-767 ұшағын 2013 жылғы желтоқсанда қосқан. Boeing-767 кең фюзеляжды қиыр магистральдық авиалайнерлердің бизнесс-класы толықтай ашылып жабылатын 30 кресло, 15 дюймді жеке дисплей, ал эконом-класста - 193 кресло, фильмдер, телебағдарламалар, әуендер таңдауға мүмкіндік беретін 9-дюймдік дисплеймен жабдықталған делінген таратылған хабарламада. Boeing -767 авиалайнерлері Алматыдан Астанаға, Бангкок, Куала-Лумпур, Франкфурт, Сеулге ұшатын болады. Авиапаркте барлығы 30 әуе кемесі бар.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz