14 колледжге айыппұл салынды

100

Есет ДОСАЛЫ

Облыстағы 446 мектептің 444-інде қамқоршылық кеңесі құрылған. Ал өңірдегі 1073 ата-ана Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың бақылауындағы Қазақстан ата-аналар қауымдастығының чатына қосылған. Осы және өзге де мәселелер облыс бойынша білім саласын бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізген брифингінде жан-жақты айтылды.
Оның айтуынша, аталған департамент 42 білім беру мекемесінде тексеру жүргізіп, 47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған. 13 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 6 білім беру ұйымына қатысты материал сотқа жолданып, 4 білім беру мекемесіне 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салыныпты. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша 8 жоспардан тыс кездесу жүргізіліп, нәтижесінде 2 лауазымды тұлға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Прокуратураға ұсынуларына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарламаны жолдағанына байланысты 6 балабақшаның лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, олар туралы материалдар сотқа жолданған. 14 колледжге қатысты әкімшілік іс қозғалып, 385 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салыныпты. Білім туралы құжаттарды апостильдеу (заңдастыру) бойынша 188 өтініш түсіп, оның 178-і рәсімделген.Сондай-ақ ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарында әлеуметтік-желілерді қолдану мүмкіндігі ұлғайыпты. Мұндай байланыс білім мекемелері үшін өте тиімді екені байқалуда.
Дәмеш Үскімбаева БАҚ өкілдері тарапынан қойылған қамқоршылық кеңестің жұмысы, ата-анамен байланыс, колледждердің әкімшілік жауапқа тартылуы секілді сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Comments are closed.