- Advertisement -

Жер байлығы – ел байлығы

211

- Advertisement -

Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институционалды бағыттарын айқындаған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы 74 және 75 қадамдарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 29 маусымында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №125-VI Қазақстан Республикасының Кодексі заңды күшіне енген болатын. Бұрын жер қойнауын пайдалану құқығын беру үдерісі 1,5 жылдан 2 жылға дейін созылатын. Енді жаңа өзгерістерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушы сол құқыққа 10-15 күннің ішінде ие болады.
Бұған қоса, Кодекс шеңберінде шикізат кен орындарында қымбат металдар мен тастарды өндіруді реттеу мақсатында жер қойнауын пайдаланудың жаңа түрі – кен іздеушілік енгізілді. Осындай әдіспен өңдеуді қолмен немесе механикаландыру және басқа да төмен қуатты жабдықтарды пайдалану арқылы жасау керек. Өтініш 7 жұмыс күнінде қарастырылатын болады. Кен іздеушілікке арналған лицензия 3 жыл мерзімге беріледі, үш жылда 1 рет ұзартылады. Осындай учаскенің алаңы кемінде бес жүз шаршы метр және бес гектардан аспауы тиіс. Сонымен қатар алтынды іздеуге шектеулер бар. Жер қойнауын пайдаланушы бір күнтізбелік жылда 50 келіден аспайтын алтын алу құқығына ие. Механикалық құралдар пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы әзірлеген және мақұлдаған жоспары болған жағдайда ғана жұмыс істеуге құқылы. Кен іздеушілік жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.
Қазір облысымызда 152 жер қойнауын пайдаланушының 204 жер қойнауын пайдалауға рұқсат қағаздары бар. Оның ішінде, 160 келісімшарт бойынша өндіру жұмыстары, 39 келісімшартпен геологиялық барлау жұмыстары және 5 келісімшартпен барлау мен өндіру жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт иелерінің ішінде алтын, фосфорит, мыс, барит өндірумен айналысатын «АК Алтыналмас» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-тары сияқты ірі компаниялар облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. 2018 жылы Жамбыл өңірлік геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясымен жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде заң талаптарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылар анықталып, жеке және заңды тұлғаларға 31 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, барлығы 5 814 088 теңге айыппұл салынып, өндірілген болатын. Инспекциямен мемлекеттік бюджет есебінен «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру» бағдарламасы, «Өңірлік, геологиялық түсіру, іздестіру – бағалау және іздестіру барлау жұмыстары» кіші бағдарламасы және «Минералды – шикізат базасы және жер қойнауын пайдалану, жерасты және қауіпті геологиялық процестерінің мониторингі» кіші бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалуы тұрақты қадағалануда.

Нұрдос ТӨКЕШОВ,
«Оңтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің Жамбыл өңірлік геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support