- Advertisement -

Өндірілген өнімнің дені – жеке үй шаруашылықтары үлесінде

96

- Advertisement -

Облыстық статистика департаментінің мәлімдеуінше, өңірімізде 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша тірілей салмақпен 82,1 мың тонна мал және құс еті өндіріліп, жоспар 104,1 пайызға орындалған.
Сондай-ақ 246,5 мың тонна сүт сауылып, оның көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,6 мың тоннаға (2,8 пайызға), өндірілген жұмыртқа 5214,1 мың данаға (5,5 пайызға) артыпты. Яғни әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 2148 килограмды, ал әр мекиен тауықтан алынған жұмыртқа 134 дананы құраған.
Есепті кезеңде өткен жылдағыға қарағанда мүйізді ірі қара малы 34,3 мың, қой мен ешкі 90,3 мың, жылқы 8,2 мың, құс 158,1 мың басқа көбейсе, шошқа 19,6 мың басқа азайғаны байқалуда. Облыс бойынша биыл сиырдан 121,5 мың, қой ешкіден 1119,5 мың, жылқыдан 35,9 мың бас төл алынғанын да атап өту жөн.
Мал мен сүт өнімдерінің негізгі бөлігін өндіру қашанғыдай тұрғындардың жеке үй шаруашылықтары үлесінде қалып отыр. Яғни облысымыз бойынша еттің – 61,2, сүттің – 76,6, жұмыртқаның 58,1 пайызы жеке сектор есебінен өндірілген.
Жалпы, облыс бойынша өндірілген ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілген қызметтерінің) жалпы сомасы ағымдағы баға бағамымен алғанда, 190501,6 миллион теңгені құрап отыр.

«Aq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support