- Advertisement -

Өңірімізде 362 елді мекеннің бас жоспары бекітілген

75

- Advertisement -

Бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдері кезегіне Тараз қаласы мен аудандар бойынша 108 388 азамат тіркеуде тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде қала және аудан әкімдіктері тарапынан 2 307,93 гектарды құрайтын 27 тұрғын үй алқабына инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда екен.
– Аталған жұмыстар орындалған жағдайда кезекте тұрған азаматтарға 13 315 жер телімі (оның ішінде 3 096-сы биыл) берілмек. Қазіргі таңда облыс бойынша «Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алуға кезекте тұрғандардың электронды тізілімін» қалыптастыру мақсатында Тараз қаласы мен аудандар, ауылдық округтер әкімдіктерінде электронды дерекқор жүйесі әзірленді. Осы жүйе негізінде облыс бойынша кезекке тіркелген азаматтар саны мен жер телімінің сұранысқа сай көлемі нақтылануда, – деді ол.
Баяндамашы өңірімізде «қызыл сызық» нормаларын бұзып, заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген 32 кәсіпкерлік нысаны анықталғанын да атап өтті. «Облыс орталығында мұндай 20 нысан бар. Бүгінде Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан Жамбыл даңғылының шекарасының бойында орналасқан нысандарды бұзуға қатысты 4 нысанның іс-материалдары қалалық сотқа жолданды. Айта кету керек, дәл осындай заңсыз салынған нысандар аудандарда да кездеседі. Мәселен, Қордайда мұндай – 5, Жамбылда – 2, Меркіде – 1, Т.Рысқұлов ауданында 4 нысан бары мәлім болып отыр», – деген Дәулет Іңкәрбекұлы құрылыс нормаларын сақтамаған 13 нысанға салынған айыппұлдар көлемі 2,207 миллион теңгені құрағанын жеткізді.
Дәулет Досанов келер жылы халық санағын өткізуге дайындық шараларын жүргізу мақсатында өңіріміздегі елді мекендердің картографиялық материалдары дайындалып жатқандығын, облыстағы 377 елді мекеннің 362-сінің бас жоспары бекітілгені жөнінде тарата айтып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға да тиісінше жауаптар қайтарды.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support