Жаңалықтар

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көліктер анықталды

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көліктер анықталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ел тұрғындары Lada Granta, Hyundai, KIA көліктерін жиі сатып алған. Бұл туралы «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов мәлім етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері қазақстандықтар 120 млрд теңгеге 21 мыңнан астам түрлі мақсаттағы отандық көлікті сатып алған. Осы орайда Олег Алферов тұрғындар арасында сұранысқа ие көліктердің көшін Lada бастап тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол сұранысы жоғары машиналардың қатарына Ravon (552 бірлік), Skoda (512 бірлік), Peugeot (132 бірлік) және Ssong Young (14 бірлік) көліктері енгенін атап өтті. Сонымен қатар басқарма төрағасы жеңіл көліктердің сатылу рейтингісіне тоқталды.

Олег Алферовтың айтуынша, сатылған жеңіл автокөліктердің 13%-і немесе 2728 отандық көлік жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен өз иесін тауыпты.