- Advertisement -

Елеусіновтің елеулі жеңісі

91

- Advertisement -

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол бұл жолы америкалық қарсыласын оңай ұтты.
WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына таласқан Деметриус Андраде мен Уолтер Каутондоква арасындағы бокс кешінің андеркардында бақ сынаған ел мақтанышы Данияр Елеусінов америкалық Мэтт Догертимен қолғап түйістірді.
Данияр үшін жартылай орта салмақ дәрежесіндегі төртінші кездесу ешқандай қиындық туындатқан жоқ. Бірінші раунд бастала салысымен шабуылға көшкен қазақстандық боксшы қас пен көздің арасындай уақытта шайқасты аяқтады. Данияр Елеусіновтің сериялы соққыларына Догерти жауап бере алмай дағдарып қалды. Жойқын соққылар жіберіп алған америкалық боксшының мүшкіл жағдайын түсінген рингтегі рефери жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.
Қазақ боксшысы осы жеңісінен кейін өз салмақ дәрежесінде 39 сатыға жоғарылады. Boxrec.com сайтында отандасымыз 224-орынға орнықты.
Ел мақтанышы Данияр Елеусінов енді келесі жекпе-жегін 30 қараша күні өткізетіні белгілі болды. Сол күні қазақстандық боксшы Монте-Карло шаршы алаңына көтеріледі. Данияр бірінші ауыр салмақтағы ресейлік Денис Лебедев пен америкалық Майк Уилсон арасында өтетін бокс кешінің андеркардында бақ сынайды деп күтілуде. Әзірге отандасымыздың кіммен жұдырықтасатыны анықталған жоқ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support