- Advertisement -

Сіз 1 минут та 94 мың сөз оқи аласыз ба?

145

- Advertisement -

Жақында Адина Манатбекова 35 секундта 18 парақтағы мәтінді оқып шығып және оны есіне сақтай білді. Ал 2016 жылы ол 1 минутта 94 мың сөзді оқып шыққан және сол оқығанын есте сақтау қабілеті 90 пайызды құраған.
Жуырда ол Ресей телеарнасы арқылы өзінің осы ерекше қабілетімен бүкіл орыс жұртшылығын таңғалдырды.
«Ресей-1» телеарнасындағы «Таңғаларлық адамдар» атты шоу-бағдарламаның әділқазыларын тәнті еткен Адина жылдам оқудан еуразиялық орталықтың бітірушісі. Ең қызығы, ол кітапты оқыған кезде мәтін жазылған кітап парақтарын бірінен кейін жай ақтарып жатқан сияқты көрінеді. Ал шын мәнінде, Адина осы сәтте әлгі беттердегі ертегі болсын, әңгіме болсын өзінің санасына жазып алып отырады.
Бұл, сірә, адам мүмкіндігі шексіз дегенді тағы бір еске салып тұрғандай.
Сол мүмкіндікті, әсіресе балдырғандарымыз бен жасөспірімдеріміз қалт жіберіп алмаса екен.

 

Көсемәлі Сәттібайұлы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support