Жаңалықтар

Стамбұлда қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді

Стамбұлда қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді 2018 жылғы 5-6 қарашада Стамбұлда өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.

  Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен қазақстандық кәсіпорындарға арналған әлеуетті сатып алушылардың арасындағы тікелей байланыстарды реттеу, сауда-саттық қатынастарын белсендіру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу. Сауда миссиясы Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және екі елдің кәсіпкерлерінің арасындағы байланыстарды ұлғайтуға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған платформа қызметін атқарады. СЭМ шеңберінде Түркия кәсіпкерлерімен В2В келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

baq.kz