- Advertisement -

Қазан айы – Үлкен амал айы

181

- Advertisement -

Диқандарда «Қазан ұрды, қалған жемісті тез жинап үлгер» деген сөз бар. Онысы – қазан айының ортасына таман  күн күрт бұзылып, үсік жүріп, кейде қар жауады. Мұндайда «Бақша қазан болды» деп те айтады.

Себебі сол суық-үсіктен, күзде пісетін жемістің құнарын жоғалта бастағанын білген диқандар, көкөністерін дереу жинауға көшеді.

Тіпті «қазан ұрмай» піспейтін жемістер де бар. Оны да диқандар асыға күтеді. Ал жылы жаққа ұшып кететін құстар дәл осы қазан айында «қазан ұрған соң» жиналады. Сондықтан ел қазан айын – «Үлкен амал» деп атап, етек-жеңін жинап, қыстың алғашқы хабары – амалы келді деп есептеген.

Қазан ұрғанда, балдыр – су асты «шөбі» құлап, арық табанында жатады. Мұны да білген жөн.

Жапар САТЫЛҒАНОВ,

табиғатты зерттеуші, құсбегі-этнограф.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support