Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы өкпе аурулары ауруханасы әбден тозығы жеткен еді. Облыстық бюджеттен бөлінген 1 миллиард 148 миллион теңгеге Мырзатай ауылдық округінен 60 орындық өкпе ауруына қарсы аурухана құрылысы басталған болатын. Тендер жеңімпазы қордайлық «Темірстрой сервис и Ко» ЖШС құрылысты қарқынды жүргізуде. Осындағы елді мекендерден жұмыссыз 25 адам құрылыста еңбек етуде.