- Advertisement -

Әулиеатаның Киелі жерлерін насихат тауда жүйелі жұмыстар жүргізілуде

161

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында елімізде елеулі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта өңірде де ауқымды істер атқарылып жатыр. Оған өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте тағы бір көз жеткізгендей болдық.
«Әулиеатаның киелі жерлері» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев қолға алынған нақты жұмыстар туралы кеңінен әңгімеледі.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері картасының» тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени ескерткіш, жергілікті мәндегі өңірлік қасиетті орындардың картасына 27 ескерткіш іріктеліп, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптарына енгізілді.
Атқарылған жұмыстарды жалғастыру мақсатында бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша «Әулиеатаның киелі жерлерінің картасы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген нысандардың фотосуреттері, сызбалары, аэрофотолары, архивтік құжаттары және аңыз әңгімелері жинақталып, «Әулиеатаның киелі жерлері» атты арнайы сайт ашылып, виртуалды онлайн карта жасалмақ. Мультимедиалық өнімдер, карта және 3 тілде кітап-альбом шығарылады, ғаламтор желісіне «Сакралды картаның» 3D форматы енгізіледі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген қасиетті нысандарға далалық-зерттеу экспедиция жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде ғылыми материалдар негізінде ескерткіштер мен нысандардың тізімі, архивтік материалдары жинақталды. Нысандар жайлы жергілікті тарихшы, өлкетанушылармен жұмыстар жүргізіліп, сұхбаттар алынды. «Әулиеатаның киелі жерлерінің» сайты дайындалып, сайттың аты (домен) мен ақпарат салатын жүйесі (хостинг) алынды.
Киелі жерлерді дәріптеу мақсатында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен облысымызда Өлкетанушылар одағын құру жұмыстары қолға алынды. Осы одаққа мүше болған өлкетанушылар өз аудандарында орналасқан, киелі деп танылған нысандарға қатысты мақалаларды баспасөз беттерінде жариялап, әлеуметтік желілерде орналастырады.
Ағымдағы жылы облысымыздың аудандары мен шалғай ауылдарындағы тарих, жер-су атауларына байланысты аңыз-әңгімелерді өңірлік баспасөз беттерінде жариялап, зерттеп, зерделеп жүрген азаматтардың тізімдері жинақталды. 14 өлкетанушы-тарихшыларымызды марапаттау мақсатында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына ұсынып отырмыз, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ Дүйсенәлі Дыбысалыұлы өңірде атқарылып жатқан өзге де ілкімді жұмыстар туралы айтты. Жиын соңында БАҚ өкілдері көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support