Чичен-Ица пирамидалары туралы шындық
Чичен-Ица пирамидалары туралы шындық
Чичен-Ица – VI ғасырда үндістердің Майя тайпасы құрған көне қала. Чичен-Ица пирамидалары – Юкатан түбегіндегі туристердің ең көп баратын орындардың бірі. Чичен-Ица сөзінің өзі Майя тілінде «Майя тайпасының құдығы» дегенді білдіреді. Көне қалада 13 шыңырау орналасқан. Оның біреуі Жаңбыр Құдайының құрметіне құрбандық шалу үшін қызмет еткен. X ғасырда қаланы тольтек тайпасы басып алды. Ал 1194 жылы қала босап қалды. Қала тұрғындарының неліктен көшіп кеткендігі әлі күнге дейін беймәлім. Чичен-Ица пирамидалары Юкатан түбегінде әйгілі Канкун демалыс орнынан 205 шақырым және Меридадан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Мексикаға демалуға келген барлық туристер Чичен-Ица археологиялық кешеніне келуді парыз санайды.