- Advertisement -

Мейвезер Нұрмагомедовпен тек бокс ережесі бойынша кездеседі

194

- Advertisement -

UFC-дің жарық жұлдызына айналған ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген соң жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын сақтап қалған Хабиб Нұрмагомедов кәсіпқой бокс әлемінің ең табысты боксшысына айналған кіші Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырған болатын.
Кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеп алып, қайтадан қомақты табыс әкелетін шайқастарды іздеп жүретін кіші Флойд Мейвезер Хабиб Нұрмагомедовтың бұл ұсынысын қабыл алды. Әйткенмен ресейлік аралас жекпе-жек шебері спорттың қай түрі бойынша Мейвезерді шайқасқа шақырғанын ашық айтпаған-ды. Есесіне бұл мәселеге Мейвезер нақты жауап берді. «Ол мені жекпе-жекке шақырды. Сондықтан мен қалаған жерге келуі керек. Мен Флойд Мейвезермін, сондықтан бұл шайқаста мен басты жұлдызбын. Дәл мен секілді аудитория жинап, қомақты қаржы тапқан спортшыны білмеймін. Сондықтан менің дегеніме келісуің керек», – деді ол.
Флойд Мейвезер Хабиб Нұрмагомедовпен тек бокс ережесіне сай жұдырықтасуға дайын екенін де сөз етті. Шаршы алаңда 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Флойд Конор Макгрегормен екінші рет шаршы алаңға шығуға ниетті екенін де жасырмады. «Конор Макгрегормен шайқастың тарихы әлі біткен жоқ. Хабиб Нұрмагомедовпен қолғап түйістірген соң Конор Макгрегорға қарымта кездесу өткізуге мүмкіндік беремін деген ойдамын», – деді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support