Смартфонға Құранды меңгеруге арналған қосымша енгізілді
Смартфонға Құранды меңгеруге арналған қосымша енгізілді
Индонезиялық бағдарламашы араб тілін білмейтін жастарға Құран Кәрімді оқып-үйренуге мүмкіндік беретін қосымша дайындады.
Оны ойлап тапқандардың айтуынша, бұл бағдарлама ең алдымен қазіргі озық технологияларды жақсы білетін жас мұсылмандарға арналған. Айта кетейік, Индонезия смартфонды пайдалану бойынша әлемде алдыңғы орында. SmartQuran деген атауды иеленген қосымша қазірге тек арабшадан индонезия тіліне ғана аудара алады. Оның үстіне қолданушыларға Құранның арнайы баспа нұсқасын алу қажет. Оның әр бетінде QR код бар. Мұндай кітап 17 АҚШ доллары тұрады. Бірақ, бұған қарамастан жас мұсылмандар қосымшаны зор ықыласпен пайдаланады.