Басты жаңалық

Әйелдерге автобус жүргізуге тыйым салынды

The final spritzer

Әйелдерге автобус жүргізуге тыйым салынды

Беларусь үкіметі әйелдерге істеуге тыйым салатын мамандықтар тізімін жариялады.

Тізім бойынша нәзік жандылар мына мамандық бойынша қызмет атқара алмайды: көтергіш қондырғылардың, бұрғылау машиналары мен экскаватор машинисі, кен ұсақтаушы, бетон бұйымдарын кесуші, краншы, металл қорытушы, қазаншы, ұста, сүңгуір, т.б. Сондай-ақ, беларусь әйелдеріне спирт пен май айыратын аппаратта жұмыс жасауға, автобус, жүк көлігі мен әскери көлікті жүргізуге тыйым алынды. Беларусьтің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қаулыны 12 маусым күні қабылдады, 25 шілдеден басап аталған қаулы күшіне енді.