- Advertisement -

Әскери сабақ патриоттық тәрбиені қалыптастырады

109

- Advertisement -

Білімді жастар ғана ел экономикасының дамуына, әлеуметтің әлеуетін көтеруге үлес қоса алатыны белгілі. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауы да бекер емес. Бас құжатта жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізе отырып, білім сапасын бағалау жүйесін халықаралық стандарттарға негіздеу керектігі айтылды. Сондай-ақ Назарбаев университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнатудың маңыздылығын да атап көрсетті.
Қоғамдық дамудың әр кезеңінде тарихта аты қалған белгілі тұлғаларды кейінгі жас ұрпаққа насихаттау – біздің міндетіміз. Осындай мақсатта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедра студенттеріне әскери кафедраның бастығы, полковник Сағат Мұқышев пен әскери кафедра бастығының орынбасары, запастағы подполковник Марат Әлібеков студенттерге Ауған соғысының батырларын және өңірімізден шыққан генералдарды экран арқылы көрсетіп, әскери-патриоттық сабақ өткізді. Елдің тыныштығын, тұтастығын, мүддесін сақтауға ерлігімен сүйеу болған қаншама батырларымыздың өмірі мен ерлігін насихаттау арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды көздеген шара өз үдесінен шықты.

Ақназар НҰРТАЗАЕВ,
ТарМУ-дың көлік техникасы және технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support