Басты жаңалық

Теннис: З.Дияс Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Теннис: З.Дияс Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс 28 шілде - 3 тамыз аралығында Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Вашингтондағы турнирге Люси Шафаржова, Екатерина Макарова, Ализе Корне, Слоан Стивенс, Светлана Кузнецова сынды белгілі теннисшілер қатысады. Осылардың арасынан суырылып шығуға З.Диястың да мүмкіндігі бар. Дәл осы мезгілде Стэнфорд қаласында әйелдер арасында тағы бір турнир өтеді. Мұндағы жүлде қоры да (710 мың доллар) қомақты, қарсыластар да әлдеқайда мықты (Серена Уильмс, Агнешка Радваньска, Виктория Азаренко және басқалар).Бұл екі жарыс та 25 тамыз - 8 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін Американың ашық чемпионатына дайындық есебінде болмақ.