Головкин келесі жылы риото муратамен жұдырықтасуы мүмкін

79

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин ағымдағы жылы шаршы алаңға оралмайтыны белгілі. Соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альвареске төрешілердің басым даусымен жеңілген соң қазақстандық былғары қолғап шеберінің рингке келесі жылы оралатыны туралы мәлімет тараған болатын.
Геннадий Головкин шаршы алаңға келесі жылы оралуға ниетті. Оның қарсыласы кім болуы ықтимал? Дереккөздер Қазақстан уақытымен 21 қазан күні америкалық Роб Брант пен Риота Мурата арасындағы шайқаста Мурата жеңімпаз атанса, Головкиннің қарсыласы атанатынын нақтылап отыр. Бұл мәліметті боксшының промоутері Том Леффлер де растапты. «Бар мәселе Генаның ұзақ жыл иеленген чемпиондық белбеулеріне келіп тіреліп тұрған жоқ. Мамандар, БАҚ өкілдері, жанкүйерлер Головкин белбеулерін сақтауы тиіс болғанын айтады. Әйткенмен біз жанкүйерлер тарапынан керемет қолдауға ие болып отырмыз. Сол қолдау чемпиондық белбеулерден де қымбат», – дейді ол. Сондай-ақ промоутер Риотаға қарсы жекпе-жек жанкүйерлер үшін қызық екенін айтып, бұл кездесуді Жапония астанасы Токиода өткізудің мәні зор екенін тіліне тиек етті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.