- Advertisement -

Қоғамдық ұйымдар жаңғыру жолында

115

- Advertisement -

Қазіргі заман өзгерістерге толы. Төрткүл дүниеде адамның болмысын өзгертуге қабілетті құбылыстар жүріп жатыр.

Біздің қоғам да осынау заман өзгерістерінің тамырын тап басып, қарқынды дамудың алдыңғы легінен табылуы аса қажетті іс. Әлеуметтік өркендеуге серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы сананы жаңғыртуға бағытталса, сондай-ақ Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасы осы өзекті мәселелердің тиянақты жүзеге асуына негізделген.
Біздің еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың атқаратын қызметінің абырой-беделі мен ауқымдылығы осынау қоғам мен мемлекет алдындағы ілгері міндеттердің орындалуына белсене атсалысуымен айқындалады.
Жақында ғана жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер қоғамдық ұйымдардың Еңбек қоғамын қалыптастыру мен ерен еңбекпен, саяси білгірлікпен қызмет етудің жауапкершілігі орасан зор екенін көрсетеді.
Азаматтық қоғам институттары арасында Елбасының сарабдал саясатын іске асыруда кәсіподақ ұйымдарының саяси белсенді позициясы қалыптасып отыр.
Кәсіподақ мүшелері дегеніміз – Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр салада өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатқан еңбеккер адамдар. Сондықтан кәсіподақ мүшелері қоғамдық-саяси өмірге сергек қарайды. Тек өз ұжымында ғана емес, жалпы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, лайықты еңбек етіп, көшбасшылық қызметтерімен танылуда.
Таяуда Қазақстан кәсіподақтарының кезектен тыс XXV съезі өтті. Съездің күн тәртібінде қаралған мәселелердің түпкі мақсаты – кәсіподақ ұйымдарының еңбек заңнамаларының сақталуына мүдделілік таныту және жаңа заман талабына сай үнқату, жұртшылықтың үлкен сеніміне ие болу, сайып келгенде туған Отанымыздың игіліктеріне, мол табысқа жетуіне үлес қосу болып табылады.
Бүгінде Кәсіподақтар Федерациясы өз қатарына екі миллиондай адамды біріктіріп отырған еліміздегі аса ірі қоғамдық ұйым. Мұның өзі кәсіподақ қозғалысының Қазақстан қоғамында биік беделге ие екенін қөрсетеді.
Қазақстан кәсіподақтары жұмыс берушілермен бірлесіп, әрбір өндіріс орындары мен мекемелерде еңбек саласын жаңғырту мен өмір сүру сапасын арттыру жауапкершілігіне ортақтасып отыр.
Қоғамдық ұйымдардың ортақ игіліктер мен құндылықтарға қозғаушы күш болу міндеті саяси білгірлікпен, белсенді іс-әрекеттермен, мемлекет­шілдік қадір-қасиеттермен жұмыс істеу талабын қояды.
Біз, Жамбыл облысының кәсіподақ ұйымдары алға қойылған нақты міндеттерді түсіністікпен қабылдап, әлеуметтік әріп­тестікпен жүзеге асыруға жұмылатын боламыз.
Міне, бүгін облыс әкімдігі ұйымдастырып отырған «Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» форумы үкіметтік емес ұйымдардың жаңа уақыт талаптарына сай өз қызметін жаңа сапалық деңгейге көтеруге көмектеседі және идеялық ізгіліктер мен тың ізденістерге негізделген жаңа жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі деп сенеміз.
Қоғамдық ұйымдардың жаңғыру жолында танылуы – уақыт туғызған талаптар әрі жауапкершілік деп білеміз.

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support