- Advertisement -

Тараздықтар паразиада чемпионы зүлфияны зор құрметпен қарсы алды

150

- Advertisement -

Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен Паразиада ойындарында жерлесіміз
Зүлфия Ғабидуллина 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген болатын. Кеше тараздық спортшылар мен бапкерлер, спорт жанкүйерлері, БАҚ өкілдері З.Ғабидуллинаны Тараз темір жол бекетінен зор құрметпен күтіп алды.Чемпионды қарсы алу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, Паразиада ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсеткенін, оның ішінде жамбылдықтардың үлесі зор екенін айтып, осы байрақты бәсекеде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген Зүлфия Ғабидуллинаны құттықтап, құрмет көрсетті. Мұнан соң «Тараз» волейбол клубының президенті Андрей Савченко жылы лебізін білдірсе, жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембеков шәкіртінің Джакарта қаласындағы жетістіктері жайлы ойымен бөлісті. Ол айтып өткендей, аталған төрт жылдықтың бәсекесінде Қазақстан құрамасы 13-орынға табан тіресе, оның ішінде жүзу спортының шеберлері 5-орыннан көрініпті. Қазақстандық жүзу шеберлерінің еншісінде 20 медаль бар, оның 5-еуі алтын. Бұдан кейін Зүлфия Ғабидуллина сөз сөйледі. Уақытпен санаспай қарсы алып, қуанышын білдірген жерлестеріне, спорт жанкүйерлеріне, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасына, жеке бапкеріне алғысын айтты.
Соңыра З.Ғабидуллина БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, Паразиада ойындарындағы көңіл-күйімен бөлісті. Ол осы жолы чемпион атану оңай болмағанын, Қытай спортшысының тең дәрежеде бәсекелес болғанын айтып, ел сенімін ақтағанына қуанышты екенін жеткізді. Бұйыртса, келесі жылы өтетін Әлем чемпионатында, 2020 жылы жалауы желбірейтін Токио Паралимпиадасында тағы да алтыннан алқа тағуды көздейтінін сөз етті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support