Жаңалықтар

Жамбылдықтар ең үздік ауылдық мәдениет үйін анықтайды

Жамбылдықтар ең үздік ауылдық мәдениет үйін анықтайды

Үстіміздегі жылдың 22-26 қазан аралығында облыс аудандарында Облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі-2018» байқауы өтпек. Байқау ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің келбетін жасау, клуб мекемелерінің дамуы мен сақталуына жергілікті басқару органдарының назарын аударуды мақсат етеді. Сондай-ақ, оның аясында клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайуына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін анықтау, жаңа идеялар мен инновацияны анықтау мәселелері шешімін таппақ. Байқау кестесі: 22 қазан – Жуалы ауданы (Қарабастау ауылдық мәдениет үйі, Жаңаталап ауылдық клубы) 23 қазан – Жамбыл ауданы (Айша бибі ауылдық мәдениет үйі, Өрнек ауылдық клубы) 24 қазан – Талас ауданы (Ақкөл ауылдық мәдениет үйі) 24 қазан – Сарысу ауданы (Түркістан ауылдық клубы) 25 қазан – Мойынқұм ауданы (Құмөзек ауылды клубы) 25 қазан – Қордай ауданы (Әлжан ана ауылдық мәдениет үйі) 26 қазан – Меркі ауданы (Аққайнар ауылдық клубы) 26 қазан – Т.Рысқұлов ауданы (Құмарық ауылдық мәдениет үйі) 26 қазан – Байзақ ауданы (Суханбай ауылдық клубы)

arainews.kz