Әлеумет

Ірі өндірісті қалай ашамыз?

Ірі өндірісті қалай ашамыз?

Мен ауданда ұзақ уақыт шаруа­шы­лықта басшы қыз­мет­­тер атқарған адаммын. Алматы қаласында тұрсам да, аудан­мен қатынасымды еш үзгенім жоқ. Ауылға жиі болмаса да, ат ізін салып тұрамын. Жалпы, аудандағы жақсы тірліктерді көріп қуанамын. Аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы жас та болса бас болып, бұл өңір­дің экономикасы мен әлеумет­тік жағдайын жақсартуға көп еңбек сіңіріп жүр. Ауылдан тауарлы сүт кешенін салу үшін одан жер сұрадым. Сөзге келген жоқ. Көмектесті. Әрине, ондай кешенді ферма ашу оңай емес. Оған қыруар қаражат қажет. Анау-мынау, аз ақша емес – 3 миллиард теңге! Соны сұрастырып, «Даму қоры», «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» сияқты мекемелерді жағаласақ, кепілдікке қоятын затыңның құны кемі пәленбай миллиард теңге болу керек дейді. Ондай сомаға бағаланатын нысан ауданда қайдан бола қойсын?! Менің пікірім, қаражатты көп қажет ететін бизнестік жоспарларға мемлекеттің қолдауы көрсетілсе, ауылдан да ірі өндірістер ашуға болар еді деп ойлаймын.

Серікбек Еркінбеков, зейнеткер,

Сарысу ауданы.