- Advertisement -

Даниярдың қарсыласы анықталды

98

- Advertisement -

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 20 қазан күні кәсіби мансабындағы төртінші жекпе-жегін өткізетіні белгілі. Бұған дейінгі үш кездесуін жеңіспен аяқтаған қазақстандық боксшының алдағы шайқаста кімге қарсы шаршы алаңға көтерілетіні белгілі болды.
Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері америкалық Мэтт Догертимен қолғап түйістіретін болды. Мэтт Догерти кәсіби мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, оның сегізінде жеңіске жеткен. Бес кездесуінде жеңілістің ащы дәмін татқан АҚШ боксшысы бір мәрте қарсыласымен тең түскен екен. Бұл шайқас алты раундтық форматта өтеді деп күтілуде.
Данияр осы жекпе-жегін АҚШ төрінде өткізетіні белгілі. Бастапқыда қазақстандық боксшы орта салмақтағы Билли Джо Сондерс пен америкалық Деметриус Андраде арасындағы бокс кешінің андеркардында шаршы алаңға шығады деп жоспарланған еді. Алайда ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің қанынан рұқсат етілмеген препарат ізі табылуына байланысты WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды. Нәтижесінде Деметриус Андраде Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасатын болып шешілді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support