- Advertisement -

Чемпиондарды құрметпен қарсы алды

86

- Advertisement -

Қазан айының 7-9-ы аралығында Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстіндегі садақ ату спортынан әлем чемпионаты өткен болатын. Аталмыш аламанға әлемнің жиырма үш мемлекетінен алпыстан астам кіл мықты спортшылар қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
Байрақты бәсекеде ел намысын жамбылдық Елдос Бадашев пен Абзал Төлібеков қорғады. Командалық сында топқа түскен сайыпқырандарымыз жамбы атудан қарсылас­тарының алдын орап, алтыннан алқа тағынды.
Әлем чемпионатында атой салған сайыпқыран­дарымыз Тараз қаласына оралды. Чемпиондарды облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков бастаған спорт саласының қызметкерлері, спортшылар қауымы Тараз қаласының кіре беріс қақпасынан күтіп алып, құрмет көрсетті. Басқарма басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков спортшылардың табысы ел мерейін тасытатынын айта келе, саңлақтарымыздың алдағы уақытта да ел сенімін ақтай беруіне тілектес екендігін жеткізді. Өз кезегінде Елдос Бадашев пен Абзал Төлібеков зор құрметпен қарсы алған жерлестеріне алғысын айтты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support