- Advertisement -

Жамбыл полицейлері есірткіні жарнамалайтын граффити-жазбаларды өшірді

120

- Advertisement -

Жамбыл полицейлері есірткіні жарнамалайтын граффити-жазбаларды өшірді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Жамбыл полицейлері синтетикалық есірткі сататын веб-сайттарды анықтады. Сондай-ақ, олар Тараз қаласы тұрғындарымен бірге есірткіні жарнамалайтын жазбаларды өшіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және «Жасыл ел», «Тараз жастар орталығы» ұйымдарымен бірігіп, түрлі синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазбаларды өшіріп шықты.

Тараз қаласы ғимараттары мен тұрғын үйлерінің қабырғасында түрлі код сөздер мен есірткі сататын адамдардың байланыс нөмірлері жазылған. Іс-шара нәтижесінде осы тақылеттес жүзден астам жазба жойылды.

Одан бөлек, Жамбыл облыстық ІІД ЕБК басқармасының қызметкерлері ғаламторда мониторинг жүргізіп, Телеграм қосымшасы және басқа да түрлі әлеуметтік желілер арқылы осындай хабарландырулар таратқан веб-сайттарды анықтады. Қазіргі таңда ол сайттарға кіруге шектеу қойылған. Аталған интернет-ресурстардың жұмысын жүргізіп отырған адамдарды шұғыл іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мұндай заңсыз іс-әрекет есірткі құралдарын жарнамалау және насихаттау болып саналады. Ол үшін ҚР ӘҚтК 423-бабы бойынша 150 АЕК-тен бастап 700 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Ал білім беру мекемелерінде есірткі сатқан адамдарды өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі ауыр жаза күтіп тұр.

Фото: vnnews.ru

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support